Төремұрат Аягөз – 2002 жылы 24шілде күні Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген.
2012 жылыМаңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің Шайыр филиалының дәстүрлі ән салу класына қабылданды. Ол әртүрлі жарыстарға қатысып,жүлделі орындарды иемденді. Аягөз 2014жылы  Халықаралық «Біз күн перзентіміз»фестиваліне қатысып,алғыс хатпен марапатталды. 2016жылы Халықаралық «Ақ көгершін» фестиваліне қатысып,ІІ-дәрежелі  лауреат атағымен марапатталды. 2017жылы Индира Расылханның ұйымдастыруымен өткен «Дарын» Республикалық байқауда Бас жүлдеге ие болды. Маңғыстау ауданы балалар өнер мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Маңғыстау өнер колледжінің дәстүрлі ән салу бөлімінің студенті.

 

Дүйсенбек Абылайхан  – 2002 жылы 26 шілдеде Маңғыстау ауданы Шетпе селосында дүниеге келген.
2012 жылы Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің домбыра  класына қабылданды.
Ол аудандағы әртүрлі жарыстарға,облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденді.
Маңғыстау аудандық Ұлт-аспаптар оркестрінің мүшесі.
2015жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғұмырдария»балалар фестивалінде ІІ-орын.
2015жылы Атырау қаласында өткен «Ақсұңқар»балалар мен жасөспірімдер фестиваль –конкурсында ІІ-орын.
2016жылы Халықаралық «Ақ көгершін» фестиваліне қатысып,ІІ-дәрежелі  лауреат атағымен марапатталды.
Маңғыстау ауданы балалар өнер мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Маңғыстау
өнер колледжінің домбыра бөлімінің студенті.

 

Дәуітова Жаңагүл 2002 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау ауданы Шетпе селосында дүниеге келген.
2013 жылы Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің баян класына қабылданды.
Ол  аудандағы әртүрлі жарыстарға , облыстық Дельфийлік ойындар ,Жас музыкант байқауларына қатысып,жүлделі орындарды иемденді.
Маңғыстау аудандық Ұлт-аспаптар оркестрінің мүшесі.
2016жылы  Алматы қаласында өткен Тәуелсіздіктің 25жылдығына арналған «Нұрлы жастар» атты байқауға қатысып ІІ-орынды иемденді.
2017жылы Атырау қаласында өткен ІІІ-Халықаралық «Жадыра,жас дарын»балалар фестивалінде ІІ-орынға ие болды. Маңғыстау ауданы балалар өнер мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Маңғыстау өнер колледжінің баян аспабы бөлімінің студенті.