Мектеп тарихы

Аудандық балалар музыка мектебі аудандық атқару комитетінің шешімімен Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінен ашылды. Мектеп кентінің теміржол  вокзалы маңындағы кішкене шағындау үйге орналасып, өз жұмысын үш мұғалім, 60 оқушымен 1974 жылы 16 қыркүйекте бастады. Шәкірттерге домбыра класы бойынша жоғары біліммен өзім және арнаулы орта білімді мамандар – фортепиано класынан Глазкова Зинаида Васильевна  мен баян класынан Қондыбаева Балсұлу дәріс бердік.

Алғашында мектепте 118 оқушыдан арыз түсіп,музыкаға аса қабілетті делінген 60  оқушы ғана іріктеліп алынды.Мектептің алғашқы ұстаздар ұжымының алдында үлкен міндеттер тұрды.

Бұл міндеттер жас ұрпақ өкілдеріне музыка саласында білім берудің бағыт –бағдарын айқындау, педагогикалық негіздерін жолға қою секілді жұмыстар болатын.

        Көп кешікпей жоғары оқу орындарын бітіріп ,өлкеге танымал  сазгерлер, көптеген ән-күй ,түрлі әдемі әуендердің авторлары –Төлес Нұрмағанбетов,Ибрагим Алтыбаев, Марат Ордабаев, сондай-ақ жас мұғалімдер Ақпанова Сара ,Кенжалиева Мағрифа,Бисенов Асқар, Итемген Ғайныш, Атшыбаева Қансұлу, Лақбаева Оңайгүл, Смағұлов Бейбіт, Жұмабекова Бәтима, қазақтың атақты  «Айгүл» қыздар ансамблінің әншісі болған марқұм Дүйсенбаева Қанбибі тәрізді ұстаздар келді. Осы дәріскерлердің келуі біздің музыка мектебіне айрықша өң беріп,шәкірттерімізге ғасырлар қойнауынан тамыр алатын ұлттық, дәстүрлі  халық саздарын үйретуге түбегейлі бет бұрды. Мектепте жетекшілері Нұрмағанбетов Төлес, Қондыбаева Балсұлу болған оркестр, хор үйірмелері жұмыс жасап, облыстық өнер байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүрді. Музыка мектебі құрылғалы бері аудандық мәдени шаралардан қалыс қалып көрген емес. Ол уақыттарда мектеп  оқушыларын жазғы каникулда  Астраханьға еңбек –демалыс лагеріне апарады. Сол оқушыларды  теміржол

вокзалында, салтанатты жиналыс өткізіп, музыка мектебі атынан концерт ұйымдастырып, шығарып  салатын.

 Еліміз егемендік алған  тұста ,біртіндеп қазағымыздың  бұрынғы салт-дәстүрлері  қайта оралды. Сонымен бірге ,қазақша  жаңа жыл,наурыз тойы да тойлана бастады. Наурыз тойы аудан көлемінде  үлкен мәдени шара болып өтеді. Осы тойға музыка мектебі  өзінің өнер  шашуымен қатысты. Мұғалімдермен оқушылардан құралған мектеп  оркестрі, осы оркестрдің сүйемелдеуімен ауданға белгілі болған әнші  Лақбаева Оңайгүлдің, Қондыбаева Балсұлумен  Дүйсенбаева  Қанбибінің  салған әндері тыңдарманның құлағынан әлі кете қоймаған болар .аудан сахнасында өтетін әрбір концерт Балсұлу мен Қанбибісіз өтпейтін десем , артық айтқандық  емес .Сонымен  қатар ,мұғалімдер  Кенжалиева Мағрифа ,Атшыбаева Қансұлу ,Жұмабекова Бәтималарда сахнаның сәні болды.Ал,ұлты орыс,фортепиано класының мұғалімі Цыбакова Светлана қазақша ән салып,халықты қайран қалдырып, ризашылыққа   бөледі. Талай рет мекемелерді ауыл  клубтарын   концерт аралап, халықты өнермен сусындатып ,халық ықыласына бөленіп қайтты.

Мәдениет үйі жанынан құрылған «Жастар» вокальді-инструментальді ансамблі аудан халқының ықыласына бөленгені  қалың жұртшылықтың әлі  есінде болар. Бұл ансамбль құрамында музыка мектебі мұғалімдері  Ордабаев Марат пен Смағұлов Бейбіт өнер көрсетті.

1982-1983 оқу  жылында алғашқы қобыз класы ашылды.Қобыз класынан Жұмабекова Бәтима сабақ берді. Лақбаева Оңайгүлдің жетекшілігімен хор ұжымы облыстық өнер байқауынан 1982-83  оқу жылында жүлделі ІІ-орын,1984-85  оқу жылында ІІІ-орынды жеңіп алды. Марқұм сазгер А.Ербозовтың келуімен мектепке жаңа леп келді. Ауданға белгілі «Ұран-от» фольклорлық ансамблі құрылып, халық назарына ұсынылды.Алғаш ауданның мәдениет  үйінің сахнасында фольклорлық ансамбль Есірдің күйі «Тоғыз түйені» боздатқанда көрермен  қауым орындарынан тұрып қол соққан еді.А.Ербозовтың өзінің төл шығармасы  «Қош,көктемі»өз алдына бір дүние. Ансамбль ауыл сахналарында өнер көрсетіп,халық ықыласына бөленді. 1984-85оқу жылында мектеп ұжымы «Өнерге қанат қаққандар»атты республикалық телехабарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Фортепиано класының оқушысы Мырзабаева Ләззат республикалық «Көкпар» телехабарына қатысты. Осындай қосымша , қоғамдық жұмыспен қатар ,ұжым мүшелері  мектептің оқыту процесін бір сәт төмендеткен емес. Оқушыларға білім берумен қатар ,оларды сахнаға өздерімен қатар  алып шығуды  да өздеріне м індет санап,өнер жолына баулыды.Осындай өнер жолына түскен осы мектептің  төл түлектері республика ,облыс көлемінде  мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүр . Орал Қазақстанға белгілі әнші Ақылбек Жеменей ,»Хабар телеарнасының дипторы,ұлты орыс болса да, қазақша сөйлегенде қазақтың өзін жаңылдыратын Сахарь Игорь –біздің мақтанышымыз. Оңдасынов Ақылбек 1991-92 жылдары Марат Ордабаевтың жетекшілігімен республикалық «Әнші балапан»байқауына қатысып ,бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ облыс көлемінде қызмет атқарып жүрген Қондыбаева Күнсұлу,Айдарбеков Жомарт, Сисенбаева Алмагүл,Зейілова Ақмарал,Шаухаров Самат,Құрақов Әлібек,Нұрлыбайқызы Айгүл ел алғысына бөленіп жүрген жандар. Ал,өзі білім алған осы өнер ордасына ,жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп келіп , қызмет етіп жатқан мұғалімдердің өзі бір төбе. 1980 жылдар өнерге көзқарастың жақсарған тұсы еді. Сол уақытта мекемелер арасында өнер фестивальдері өткізіліп,  музыка мектебінің мұғалімдері ішкі істер бөлімімен  хор ұжымын , сауда қызметкерлерінен концерт   ұйымдастырып , мекемелерге көмек көрсетіп отырды. Қазіргі кезде облысымызға танымал қобызшы Ербозова Гүлжамал мен примашы Айдарбаев Жомартта   сол шақта біздің музыка мектебінің ұстаздары  болып қызмет атқарды. Сол бір жылдары ауданның ауылдарынан филиалдар ашылды. Ол филиалдарда жоғарғы оқу орнын бітіріп келген мамандар жұмыс жасады. Олар:өлкемізге белгілі сазгер  Ыбыраев Көмек,Нәдіров Бисенбек,домбырашы Ыбыраев Амангелді, жыршы Шалабаев Қондыбай,облысымызға белгілі суретші-мүсінші Тілегенов Алтынбек тәрізді ұстаздар  болды. Есір атындағы домбырашылар конкурсы,Қашаған атындағы жыр-терме сайыстары облыс көлемінде өткізіліп тұратын.Сол сайыстарға қатысып,жыр-термеден ,күйден жүлделі орындарға ие болып жүрді. Кейін тоқырау заманына  сәйкес филиалдар жабылды. Сонымен қатар ол кезең музыка мектебі үшін де қиын кезең болды. Оқушы саны қысқарып,мұғалім азайып, музыка мектебі бес мұғалім ,елу оқушымен жұмыс жасады.Олар : мектеп директоры Мұқашқызы Айымхан,мұғалімдер Кенжалиева Мағрифа,Итемген Ғайныш,Қуатбаева Жаннат,мектептің өз түлегі ,Алматының  Абай атындағы педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген жас маман Бақытжан Ғабиден болатын.Солай бола тұрсада , мектеп өз жұмысын тоқтатпады, Шәкірттерге музыкалық білім берумен қатар ,оларды сахнаға шығару тғы да жоспардан түспеді.Шетпеден жаңадан   ашылған жергілікті телеарнадан оқушылардың өнері халыққа ұсынылды.Концертті ұйымдастырушылар мұғалімдер Қуатбаева Ж, Бақытжан Ғ және концертмейстер Итемген Ғ болды. Оқушылар Сисенбаев Б, Байпақова Г,Есетова Раушандар  өз өнерлерін ортаға салды.

1998 жылы мектепке жұмысқа жаңа буын өкілдері , осы мектеп түлектері,жоғарғы ,арнаулы орта оқу орындарын бітіріп ,Ізбасарова Ләззат, Мақсымова Нұрсұлу, Нұрлыбайқызы Айгүл, Құрақов Әлібек сынды ұстаздар келді.Бірте-бірте Қазақстанның экономикасы жақсарып мектептен тыс қосымша білім беретін мекемелерге дұрыс көңіл бөліне бастады.Соған орай біздің музыка мектебінің оқушы саны өсіп, мектеп қайтадан гүлдене бастады. Орта мектептер сахнасына ақылы концерттер қойды.Бұл мұғалімдерде мектепке өздерімен бірге жаңа леп,тың серпін әкелді.Жігерлі жастар оқушылармен бірігіп,концерт ұйымдастырып,облыстық конкурстарға оқушылар  дайындап ,ол оқушылар жүлделі орындар иеленді.

 Ә. Құрақов  пен  Н.Мақсымованың жетекшілігімен мектеп оркестрі қайта жанданды. Бала оқытумен қатар өнер мектебінің мұғалімдері өз өнерлерін  жұртшылық назарына ұсынып отырады.Облыста ,ауданда өткен мәдени шаралардың ешқайсысынан қалыс қалып көрген емес.Мұғалімдер мен оқушылардан құралған ұлт-аспаптар оркестрі үнемі алдыңғы орындардан көрініп келеді.

Кішкене класс оқушыларынан құралған ұлт-аспаптық ансамблі де облыстық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.Тек домбырашылардан құралған мұғалімдер ансамбліқай уақытта да жүлдесіз қалған емес.Тоқырау жылдарында қобыз класы жабылып қалған болатын,ал, 2003 жылы Ақтау өнер колледжін бітірген А. Қойсарина келіп, қобыз класы қайта ашылып,Қорқыт бабамыздың киелі аспабының  сиқырлы  сызылған қоңыр үні қайтадан  естіле бастады.Би ,cурет кластары  ашылып , 2005 жылы  музыка мекткбі өнер мектебі болып өзгертілді. Би класына Б. Сартаева жетекшілік етті. 2003 жылы облыс көлемінде өткен Ы.Дүкенұлы атындағы сайысқа домбырашы Мақсымова  Нұрсұлу және қобызшы Қойсарина Ақелік қатысып,жүлделі ІІІ-орынға ие болды. 2004 жылы «Өнері  өмірімнің жалғасындай»атты Маңғыстаудың өнер саңлақтары марқұм А.Ербозов,Р.Еңсегенов ,Қ.Тұрмағанбетовтерді еске алуға арналған облыс көлемінде үлкен мәдени шара өткен болатын,осы сазгерлердің шығармашылығынан өнер байқауы өтті.Сол байқауға Қуатбаева Жаннат пен Мақсымова Нұрсұлу қатысып,алғыс хат алды.2005 жылы «Айгүл» ансамблінің әншісі болған , кейін музыка мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған марқұм Дүйсенбаева Қанбибінің рухына арнап облыс көлемінде «Қалықта аққу әні»атты қыз-келіншектердің үлкен өнер байқауы өтті.Оған біздің мектептен күй жанрынан Мақсымова Нұрсұлу және Асқар Ләйлә ,ән жанрынан Еркінбаева Гүлсінай қатысып жүлделі ІІ-ІІІ –орындарды иеленді.Құрылғанына екі жыл болған, «Отпан»фольклорлық ансамблі облыс жұртшылығының құрметіне бөленіп жүр. Осы ансамбльдің құрамында өнер мектебінің  мұғалімдері Қазақстанның қалаларына ,шетелдерге өнер көрсетіп қайтты.Осындай жетістіктер күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Өнер мектебі қай кездеде ауданның мәдени өмірінен шет қалып көрген емес.Қазірде сол ізінен жаңылмай келеді. Отпан таудағы «Адай-Ата» кесенесінің ашылуы,ондағы өткен Маңғыстаудың төл мерекесі 14-наурыз амал күніне арналған шаралар,1-мамыр ынтымақ күнімен қатар келген шұбат мерекесі-осы мерекелердің бәріндеде өз өнерлерімен шашу шашып келеді.

Бес-алты жылдан бері облыста «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі өткізіліп келеді.Бұл фестивальда өнер мектебінің қосқан үлесі өте зор.Маңғыстау ауданы үш рет бас жүлдені жеңіп алды.Соның ішінде оркестр 1-2-орынды,хор ұжымы 3-орынды иеленіп келеді. Оркестрдің құрамында өнер мектебінің мұғалімдері мен оқушылары бар .мақсымова Нұрсұлудың жетекшілігімен мұғалімдерден құралған домбырашылар ансамблі жүлделі орындарға ие болып жүрді.Бір жылы кішкентай оқушылардан құралған ұлт-асапатар ансамблі осы «Маңғыстау жұлдыздарынан»2-орын алды.Облыстық Дельфийлік ойындарға да қатысып,жеке аспаптық номинация бойынша ,оқушылар ансамблі,бишілеріміз жүлделі орындар иеленді.Биылғы өткен «Маңғыстау жұлдыздары»өнер фестивалінде аудан тағыда бас жүлдені иеленіп, Өскінбай атамыздың атындағы жүлдемен «Калина-Лада»жеңіл авто көлігін қанжығасына байлады.Бұл фестивальда да өнер мектебінің қосқан үлесі зор болды.Өнер мектебінің мұғалімдері мен оқушыларынан құралған оркестр жас маман адыров Амангелдінің жетекшілігімен 2-орынды жеңіп алды.Амангелдінің өзі облыстағы ең жас  дирижер атағын жеңіп алды.Ән жанрынан Қойсарина Ақелік,Қонарбаева Қалдыгүл,Нәдіров Бисенбек, Шаухаров Саматтар квартетпен 1-орынды иеленсе,Қуатбаева Жаннаттың жетекшілігімен хор ұжымы 3-орынды иеленді.Кезінді марқұм А.Ербозовтың өзі құрған «Ұран-От»Фольклорлық ансамблі Адыров Амангелдінің жетекшілігімен өз жұмысын қайта бастады.Бұл ансамбль  Маңғыстау ауданының  80-жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық фольклорлық  ансамбльдер жарысында жүлделі 2-орынды иеленсе,қоғам қайраткері ,жазушы Әбіш Кекілбаевтың мерейтойында ынталандыруға ие болды.Сондай-ақ ,бұл тойда мұғалімдердің домбырашылар ансамблі 3-орын алды.Бұдан басқа мектепте Итемген Ғайныш пен Жұмашбаева Мәншүктің жетекшілігімен хор ұжымы ,Қойсарина Ақеліктің қобызшылар ансамблі,Оспанғалиева Анардың кішкене топтан құралған фольклорлық ансамблі жұмыс жасайды. Шетпеге келе қалсаңыз ,кент ортасында бой көтерген еңселі,әсем ғимаратты көресіз.Бұл облыс көлемінде алғаш рет салынып отырған,жаңа типтегі өнер мектебі.35 жылдық мерейтой қарсаңында осындай әсем сарайды сыйға берген аудан әкіміне ,өнерге жанашыр азамат ағаларымызға алғысымыз шексіз. «Жас келсе іске»демей ме ,атам қазақ.Мектебіміз жаңа буын,жігерлі жастармен толығып,қуанышымыз қуанышқа жалғасып жатыр .Тағы бір жағымды жаңалық ,2008-2009 оқу жылында қазан айынан бастап,аудан әкімінің шешімімен 10 ауылдан 12 мұғаліммен филиал ашылды.Ол филиалдарға 118 оқушы қабылданып,әр түрлі мамандық бойынша өнер үйретіп жатыр.Әрине, әу демейтін қазақ жоқ,өнер адамдарының көбі ауылдан шығатыны белгілі.Атақты адайдың жеті қайқысы,күйші-жыршылар шыққан ауылдарда әлі де небір таланттар жатқаны сөзсіз.Осы ашылған бөлімшелер сол таланттардың шығуына себепкер болатыны даусыз.

Бұл бөлімшелерде Маңғыстаудың мәдениетін көтеруде елеулі үлес қосып келе жатқан өнер тарландары еңбек етеді.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі ,профессор  Р.Айдарбаева,өлкемізге танымал қобызшы  Х.Балапашова,суретші А.Тілегенов ,жыршы Қ.Шалабаев, сазгер Б.Нәдіров, примашы К.Жайымова сынды ұстаздармен қатар  Ә.Аманбаева, М.Дауылбаева, Ж.Қоңырбасов, А, Әуезалиева сияқты жас мұғалімдер де шәкірт бойынаұлттық өнердің нәрін құюда аянбай еңбек етіп,өз үлестерін қосып жүр.Балалардың өнерге қызығушылығы  өте жоғары және   жылдан-жылға артып келеді.Болашақта бұл бөлімшелер өз алдына бір-бір мектеп болар деген үмітіміз де жоқ емес.